Қазақстан Франшизалар

Құбылыс ретінде франчайзинг Қазақстанда 1994 жылдан бері бар. Дегенмен, бизнестің бұл түрі бүгінгі күннің өзінде нашар дамыған. Нарықта ықпалды өздеріне толық тиесілі филилалдарды ашу арқылы кеңейтетін классикалық компаниялар кеңірек таралған.

Сондықтан қазіргі уақытта көптеген тауашалар мүлдем бос немесе жартылай ғана орын алады. Кәсіпкер франшизаны ала отырып, бизнестің жылдам дамуына сене алады. Әсіресе, бренд тарапынан берілетін қолдауды есепке алса.

Қазақстандағы франчайзинг ерекшеліктері, қолданыстағы осы бағытты дамыту институттары, мемлекеттік қолдау бағдарламалары және кеңінен таралған франшизалар жайлы осы мақаладан оқыңыз.

Пайда болу тарихы жайлы қысқаша

Қазақстандағы франчайзинг тарихының бастамасы болып өз қызметін 1994 жылы бастаған Coca-Cola зауытының құрылысы саналады. Алайда бағыт дамуының негізін салған басқа да маңызды оқиғалар бар:

  • «Рахат Палас» қонақ үйінің ашылуы. 1994 жылы Алматыда өткізілді. Қонақ үй Hayatt Regency брендінің бір бөлшегіне айналды.
  • Adidas бренді дүкенінің ашылуы. 1990-жылдардың екінші жартысында өткізілді.
  • «Сеймар» желісінің сауда орындары мен автодүкендерінің ашылуы. Олардың барлығы бірыңғай стильде безендірілген. Сонымен қатар, орындардың бөлігі иегер компанияға қатысы жоқ бөгде кәсіпкерлердің меншігінде болды.
  • «Баскин Роббинс» кафесінің ашылуы. Бүкіл әлемге әйгілі балмұздақ брендінің Қазақстандағы алғашқы нүктесі өз қызметін 1999 жылы бастады.

Дәл осы оқиғалар мемлекетке және қазақстан кәсіпкерлеріне франчайзингтың не екенін көрсетті. Жоғарыда аталған ашылулар кезеңінің арқасында 2002 жылы елде жаңа заң қабылданды. Ол франчайзингтік қызметті реттеуді талап етті. Болашақта заң шығару негізі өзгерістерге ұшырады. Бірақ, дәл 2002 жылы кәсіпкерлерде бизнесті құру кезінде осы құралды қолдануға барлық мүмкіндіктер пайда болды.

Даму институттары

Қазіргі кезде Қазақстанда республикадағы франчайзингты дамытуды көздейтін бірнеше ірі институт қызмет атқарады:

  1. Ұлттық зияткерлік меншік институты. Ұйымның басты екі мақсаты бар. Біріншісі — Қазақстанда сауда белгілерінің қолданылуын реттеу. Екіншісі — франшизаны сатып алу туралы келісімдерді тіркеу.
  2. Қазақстандық франчайзинг қауымдастығы. Бұл сала үшін басты ұйым. Іс жүзінде мекеменің қарауында республикадағы франшизалар секторының толық қалыптастырылуы. Оның міндеттеріне мыналар кіреді:
    • Франшизалар иелері мен сатып алу мүмкіндігін қарастыратын кәсіпкерлерді біріктіру;
    • Кәсіпкерлерге франчайзингтің кеңінен таралған үлгілері жайлы түсінік беруден бизнесті лицензиялауға көмектесуге дейінгі ауқымды сұрақтар аясында кеңес беру;
    • Тілек білдірушілердің барлығына франчайзингқа қатысты тақырыптармен байланысты лекциялар, форумдар және басқа да бұқаралық шараларды өткізу.
  3. Еуразиялық франчайзинг қауымдастығы. Ұйым мақсаты — франшизаны сатып алуға және қызметті лицензиялау мәселелері бойынша, көбінесе жан-жақты кеңес беру арқылы көмек беру.
  4. «Даму» шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры. Ұйым болашақ бизнес иелеріне франшиза сатып алуға немесе айналым капиталын қалыптастыру үшін қарыз алу мүмкіндігін береді. Мүдде тұрпатына байланысты төлемақы мөлшері 5-тен 500 млн теңгеге дейін.»

Бұдан бөлек маңызды рөлді банктер атқарады. Олар кәсіпкерлерге кофеханалардың, медицина орталықтарының және білім мекемелерінің франчайзингтік модельдерін ашу үшін қарыз бергендерінің мысалдары бар.

Қазақстандағы франшиза мәселелері

Қазақстанда франчайзинг секторының дамуын қиындататын мәселелер бар:

  • саланың жеткіліксіз реттелуі, бұның нәтижесінде көптеген бизнестер көлеңкелі сипатқа ие болады;
  • халық тығыздығының аздығы, салдарынан тауар өтімі мен қызмет орындарының бытыраңқы орналасады;
  • жергілікті кәсіпкерлерге, әсіресе аға ұрпаққа франчайзинг туралы жалпы ақпараттың жеткіліксіз берілуі;
  • зияткерлік меншіктің жеткіліксіз қорғалуы;
  • білікті мамандардың жеткіліксіздігі — барлық франшизалар қызметкерлерді оқыту мүмкіндігін ұсына бермейді;
  • бөлмелерді жалдау құнының жоғары болуы.

Мұндай мәселелер франчайзинг нарығы нашар дамыған мемлекеттерге тән. Уақыт өте келе бағытты қолдау міндетті түрде дерлік артатын болады, ал кәсіпкерлік қызметі саласындағы заңнама жетілдіріледі.

Вступай в VIP-клуб

Кеңінен таралған франшизалар

Қазақстанда қоғамдық тамақтану саласындағы франшизалар ерекше кең таралған. Алайда аз-аздап басқа салалар да дамып жатыр. Екінші және үшінші орындарда медициналық қызмет көрсету және білім франшизалары орналасқан. Басқа салаларда нарық жартылай бос. Франшиза бойынша жұмыс жасайтын киім, зергерлік бұйым, сән салондары және қызмет көрсету орталықтарының бар болғанына қарамастан, олардың саны нарықты толтыру үшін әлі де жеткіліксіз.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 300-ден астам объектілер әр түрлі франшиза бойынша табысты қызмет жасап жатыр. Қызмет көрсетуші ретінде онда 20 000-ға жуық адам орналастырылған. Нарықта ресей және түрік франшизалары кеңірек таралған.

Төменде сатып алған жағдайда сіз үшін перспективті және ең дұрыс шешім бола алатын танымал франшизаларды қарастырамыз. Бұл брендтердің ұсыныстары тез арада әрі ұйымдастыру жұмысындағы күрделі кемшіліктерісіз табысты бизнесті құруға мүмкіндік береді.

Додо Пицца

Қоғамдық тамақтану желісі, ас мәзірінің негізі — пицца. Бұл бірнеше мемлекетте қызмет көрсететін ресейлік франшиза. Бұл франшиза бойынша Қазақстанның 18 қаласында көпетеген нүктелер ашылған.

Ерекшелігі — франчайзер беретін бағдарламалық жасақтама арқылы өндіріс үдерісін автоматизациялау. Паушалдық жарна — 350 000 ресей рублі, инвестицияның ең аз үлесі — 6 млн. руб.

KFC

Жылдам тамақтануға бағытталған бүкіл әлемге әйгілі қоғамдық тамақтану бренді. Ашу үшін $48 000 мөлшердегі алғашқы жарна қажет болады.

IQ007

Ресей компаниясының білім беру франшизасы. Брендтің басты өнімдерінің ішінде — жылдам оқуды үйрету және интеллектты жан-жақты дамыту. Франшизаны сатып алу бағасы — қаланың көлеміне байланысты, 95-тен 860 мың рубльге дейін.

Инвитро

Көптеген медициналық қызмет көрсету орталықтары сол арқылы жұмыс жасайтын Ресейдегі танымал бренд. Соңғы жылдары Қазақстанда белсенді дамып жатыр. Франчайзинг үшін паушалдық жарна — 2 млн теңге.

Суши Wok

Фудкорт немесе «өзіңмен алып кету» форматындағы мекеме ашу мүмкіндігін беретін франшиза. Ассортиментінде — азия асханасы, әсіресе дәмдеуіш қоспалары бар кеспе. Паушалдық жарна — 149 мың рубльден бастап

2023 жылдан күтетініміз

2023 жылы Қазақстанда франшиза нарығының дамуының ең маңызды факторы — Ресей тұрғындарының эмиграциясы болады. Қазірдің өзінде уақытша көшіп келген адамдардың елде ұзаққа орнығып алу үрдісін байқауға болады. Олар жұмысқа тұрады, отбасын құрады, бизнес ашады. Эмигранттардың көбісі белсенді өмірлік ұстанымы бар адамдар. Нарықтың жетілмеуін және көптеген бос тауашаларды көргендердің кейбірі франшиза бойынша өз бизнестерін ашуға тырысады.

Бұдан бөлек жергілікті кәсіпкерлердің де сала жайлы хабардар болуы артып жатыр. Сонымен қатар нарыққа әлемнің барлық елдерінде дерлік жағымсыз болған франшизаларымен ресей брендтері келіп жатыр. Олар үшін Қазақстан — дамудың аз ғана бағыттарының бірі, сондықтан олар бәсекелестерінен озып кетуге талпынады.

Сондықтан 2023 жылы Қазақстандағы франшиза нарығының өсуі айтарлықтай жылдамдауын күтуге болады.